Қазақстан құрамасы Мысырда өткен жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогін бастады
Мысырдың Каир қаласында 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы жасөспірімдер Дэвис кубогінің (Junior Davis Cup Finals) финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алғашқы матчта қазақстандық Ансар Ниеткалиев франциялық Бенуа Гелдофпен кездесті. Жекпе-жек Франция өкілінің екі сеттегі жеңісімен аяқталды - 6:3, 6:3.
Осылайша, француздар командалық кездесуде алға шықты - 1:0.
Екінші жекелей сында Қазақстан намысын Ахмади Маханов қорғайды. Оның қарсыласы Пабло Прадат болады. Жеңіс қазақстандық командаға есепті теңестіруге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Франция, АҚШ және Үндістан командаларымен бір топқа түсті. Француздармен өткен матчтан кейін қазақстандық теннисшілерге тағы екі қарсыласпен ойнау керек.
Жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогі - 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлемдік теннистің басты командалық турнирлерінің бірі. Жарыс Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қамқорлығымен өткізіліп, әлемнің ең мықты жасөспірімдер құрамаларын жинайды.
Тек Beeline клиенттеріне Қазақстан бойынша Starlink спутниктері арқылы алғашқы ғарыштық мобильді байланыс қолжетімді.