locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ташкентте Қазақстаннан барған 15 футболшы қонақүйдегі таңғы астан кейін ауруханаға түсті

Жас ойыншылардың ата-аналары қонақүйдегі таңғы астан кейін тамақтан уланды деп күдіктеніп отыр
Футбол
Ташкентте Қазақстаннан барған 15 футболшы қонақүйдегі таңғы астан кейін ауруханаға түсті
Ташкентте Қазақстаннан барған 15 футболшы қонақүйдегі таңғы астан кейін ауруханаға түсті

Ташкентте Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестивалі кезінде Қарағандыдан келген 15 жас футболшының денсаулығы күрт нашарлады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Блогер Денис Денскидің айтуынша, алғашқы белгілер 31 қазанда таңғы астан кейін пайда болған. Балалар мен ересектердің іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Бір тәулік ішінде 15 бала ауырған.

Ата-аналар таңғы ас кезінде жұмыртқа жемеген сегіз футболшының ауырмағанына назар аударды. Олар сырқаттануға қонақүйдегі тағам себеп болуы мүмкін деп болжам жасады.

Кейін Денскидің айтуынша, жергілікті дәрігер алдын ала уланғанын растаған. Ата-аналар медицина қызметкерімен болған әңгімені видеоға да түсірген. Алайда зертханалық талдау нәтижелері әлі шықпағандықтан, аурудың нақты себебі анықталған жоқ.

Жағдайға Қазақстан консулы араласты.

Қазақстан СІМ не хабарлады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ташкентте өтіп жатқан Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне қатысушыларға қатысты оқиғадан хабардар екенін растады.

Ведомствоның мәліметінше, медициналық көмекке жүгінген Қазақстан азаматтарының барлығы Өзбекстандағы мамандандырылған медициналық мекемелерге жатқызылған. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

«Қазақстандық дипломаттар зардап шеккендердің туыстарымен және медициналық мекемелермен байланыста, сондай-ақ бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстап отыр», - деп хабарлады ҚР СІМ.

Сонымен қатар жаппай аурудың нақты себептері әлі анықталған жоқ. Ата-аналар зерттеу нәтижелері мен болған оқиғаға қатысты объективті тергеуді күтуде.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie