Астанада журналистер мен блогерлерге арналған BAQ OPEN 2026 теннис турнирі өтеді
19 желтоқсанда Астанада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер арасында BAQ OPEN 2026 қысқы теннис турнирі өтеді. Жарысты Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастырады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Турнир Beeline Arena теннис орталығының хард корттарында өтеді. Қазақстаннан және басқа елдерден журналистер, БАҚ қызметкерлері мен блогерлер қатысуға шақырылады. Қатысушылардың медиа саласына кәсіби қатысы болуы міндетті.
Жарыс екі кезеңнен тұрады. Алдымен қатысушылар айналмалы жүйе бойынша топтарда ойнайды, содан кейін үздік теннисшілер плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Қорытынды кезеңде «Мастерс» және «Фьючерс» кестелері қарастырылған. Әйелдер арасында тек «Мастерс» кестесі ұйымдастырылады.
Матчтар алты геймге дейінгі бір сет форматында өтеді. Есеп 6:6 болған жағдайда жеңімпаз кемінде екі ұпай айырмасымен жеті ұпайға дейінгі тай-брейкте анықталады. Геймде есеп «ровно» болған кезде шешуші ұпай ойнатылады.
Сонымен қатар, регламент қатысушыларға шектеу қояды. Бұған дейін ATP, WTA, ITF Juniors, ITF World Tennis Tour, Tennis Europe, ATF және КТТ аясындағы жарыстарға қатысқан теннисшілер турнирге жіберілмейді. Сондай-ақ KAZPIN және KAZPIN Coach біліктілігі бар ойыншылар да қатыса алмайды.
Тіркелу App Store және Google Play дүкендерінде қолжетімді Match Ball мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Қосымша ақпаратты турнир директоры Мерей Дінмұхаммедұлының +7 777 091 1465 телефоны арқылы алуға болады.
Тек Beeline клиенттеріне — бүкіл Қазақстан бойынша Starlink спутниктері арқылы жұмыс істейтін алғашқы ғарыштық мобильді байланыс.