Арина Соболенко Australian Open 2025 финалына жолдама алды
Мельбурнде Australian Open 2025 турнирінің жартылай финалдық матчы аяқталды. Онда әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко мен WTA рейтингі бойынша 12-орында тұрған испандық Паула Бадоса кездесті. Матч белоруссиялық теннисшінің екі сеттегі сенімді жеңісімен аяқталды.
Australian Open 2025, жеке санат, жартылай финал
Арина Соболенко (Беларусь) – Паула Бадоса (Испания) – 6:4, 6:2.
Матч 1 сағат 27 минутқа созылды. Соболенко 2 эйс жасап, 1 қос қате жіберді және 9 брейк-пойнттың 4-еуін жүзеге асырды. Ал Бадосаның есебінде 4 эйс, 4 қос қате және бір ғана жүзеге асқан брейк-пойнт бар.
Australian Open финалында Арина Соболенко екінші жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі. Бұл матчта поляк теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек пен америкалық Мэдисон Киз ойнап жатыр.
Australian Open — 2025 турнирінің жұптық санатындағы финалистер анықталды