locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Australian Open-2025 турнирінің жұптық санатындағы финалистер анықталды

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Australian Open — 2025 турнирінің жұптық санатындағы финалистер анықталды
ФОТО: Getty images

Бүгін, 23 қаңтар, Australian Open-2025 турнирінің ерлердің жұптық санатындағы жартылай финалдық матчтары өтті. Алғашқы жартылай финалда италиялық жұп Симоне Болелли мен Андреа Вавассори швед Андре Горанссон мен нидерландтық Сем Вербек жұбын жеңді. Екінші матчта Германия өкілдері Кевин Кравиц пен Тим Пюц тартысты ойында фин Харри Хелиоваара мен британдық Генри Паттенге есе жіберді.

Australian Open-2025, жартылай финал, жұптық санат

• Симоне Болелли/Андреа Вавассори (Италия) — Андре Горанссон (Швеция)/Сем Вербек (Нидерланды) — 2:6, 6:3, 6:4
• Кевин Кравиц/Тим Пюц (Германия) — Харри Хелиоваара (Финляндия)/Генри Паттен (Ұлыбритания) — 4:6, 6:3, 6:7 (7:10)

Осылайша, Australian Open — 2025 турнирінің ерлердің жұптық санаттағы финалистері анықталды. Чемпиондық атақ үшін келесі жұптар кездеседі:

• Симоне Болелли/Андреа Вавассори (Италия)
• Харри Хелиоваара (Финляндия)/Генри Паттен (Ұлыбритания)

Ерлердің жұптық санаты бойынша жарыстар 14 қаңтардан 25 қаңтарға дейін өтеді. Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпиондары — аустралиялық Мэттью Эбден мен үнділік Рохан Бопанна.

Дмитрий Попко Португалиядағы челленджерде жұптық разрядта жеңіліске ұшырады

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie