Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық финалында жеңіліп қалды – екінші «Үлкен дулыға» финалы да титулсыз аяқталды
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Анна Данилина 2025 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің әйелдер арасындағы жұптық финалына шығып, сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге чемпиондық атақ үшін күресті.
Шешуші кездесуде олар италиялық жұп - Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге қарсы ойнады. Үш сетке созылған матч италиялықтардың пайдасына аяқталды – 4:6, 6:2, 1:6. Осылайша, Эррани мен Паолини Франция ашық чемпионатының жеңімпаздары атанды.
Франция. Франция ашық чемпионаты. WTA. Жұптық разряд. Финал
Данилина/Крунич – Эррани/Паолини – 4:6, 6:2, 1:6
29 жастағы Данилина үшін бұл – әйелдер жұбындағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің екінші финалы. Бұған дейін ол 2022 жылғы Australian Open финалына жетіп, сол жарыста да жеңіліп қалған болатын.