locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Шевченко Римдегі «Мастерс» турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Александр Шевченко Римдегі «Мастерс» турнирінің негізгі кезеңіне өтті
ФОТО: KTF

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко ATP 1000 санатындағы Рим турнирінің іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, топ жарыстар қатарына жолдама алды.

Әлемдік рейтингтің 97-орнында тұрған Шевченко алғашқы айналымда мажарстандық Мартон Фучовичпен (ATP №134) кездесіп, матчты сенімді бастады. Алғашқы сетте Александр ерте брейк жасап, артықшылығын ұстап тұрды - 6:4. Екінші партияда қазақстандық теннисші қарсыласына еш мүмкіндік бермей, есепті 6:2-ге жеткізді.

ATP 1000. Рим. Іріктеу. Финал

Александр Шевченко (Қазақстан) – Мартон Фучович (Венгрия) – 6:4, 6:2.

Іріктеудің жартылай финалдық кезеңінде Шевченко аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен кортқа шықты. Екі сет бойы Александр ойынды толық бақылауда ұстап, қарсыласына өз шарттарын өткізе білді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie