Шевченко Римдегі «Мастерс» турнирінің негізгі кезеңіне бір қадам қалды - келесі қарсылас Фучович
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Рим қаласында өтіп жатқан беделді ATP сериясындағы «Мастерс 1000» турнирінің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетуде.
Іріктеу жартылай финалында ол аргентиналық Хуан Пабло Фиковичтен 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды.
Италия. Рим ATP – Квалификация – ½
Шевченко – Фикович – 6:4, 6:4
Енді Шевченко негізгі кезеңге шығу үшін шешуші кездесуде венгриялық Мартон Фучовичпен кездеседі. Фучович қазіргі таңда әлемдік рейтингте 134-орында тұр, ал Шевченко 97-ші сатыда.
Римдегі негізгі турнир 7 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады. Өткен жылы бұл жарыста чемпион атанған неміс теннисшісі Александр Зверев финалда чилилік Николас Харриді жеңген болатын.