locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик Синнермен матч алдында: «Бұл өте ауыр болады, бірақ мүмкіндік бар»

Қазақстандық теннисші US Open турниріндегі әлемнің бірінші ракеткасымен алдағы кездесуді бағалады
Теннис
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Бублик Синнермен матч алдында: «Бұл өте ауыр болады, бірақ мүмкіндік бар»
ФОТО: Getty Images

Әлемдік рейтингте 24-орында тұрған Александр Бублик US Open жарысының төртінші кезеңінде ATP көшбасшысы Янник Синнерге қарсы матч алдындағы ойымен бөлісті.

«Жеңіл болмайды, өте қиын болады. Бес сеттен тұратын форматта мен әлі оны жеңіп көрген жоқпын, бірақ өз мүмкіндігімді пайдалануға тырысамын. Қазір бастысы – қалпына келу. Әрі матчты таңғы 11-ге қоймаса екен деймін», – деді Бублик алдыңғы айналымдағы жеңістен кейін.

Бұл қарсыластар бұған дейін алты рет жолыққан, ал биыл – екі мәрте. «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіс Синнерге бұйырса (6:1, 7:5, 6:0), Галледе өткен шөптегі додада Бублик қарымта қайтарып, 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ Александр Бублик алғаш рет US Open турнирінің 1\/8 финалына шықты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie