locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Бублик пен Елена Рыбакина Уимблдон-2025 турниріндегі бастапқы нөмірлерін алды

Бублик – №28, Рыбакина – №11 нөмірімен Уимблдонда өнер көрсетеді
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Александр Бублик пен Елена Рыбакина Уимблдон-2025 турниріндегі бастапқы нөмірлерін алды
ФОТО: Getty images

Англия астанасында өтетін маусымның үшінші «Үлкен дулыға» турниріне дайындық қызу жүріп жатыр. Уимблдонның ресми ұйымдастырушылары биылғы жылдың жекелей сынға арналған ойыншылардың нөмер тізімін жариялады. Қазақстан бұл беделді додада бірнеше бағыт бойынша өкілдік етеді.

Ерлер арасындағы басты үміт – еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 28-нөмірге ие болды. Бұл оған турнирдің бастапқы кезеңдерінде көшбасшылармен кездесуден аулақ болуға мүмкіндік береді. Онымен бірге негізгі кезеңде Александр Шевченко өнер көрсетеді. Ал тарихи жетістікке Ақтаулық Бейбіт Жұқаев қол жеткізді - ол Уимблдонның негізгі кезеңіне іріктеу арқылы өткен алғашқы қазақ теннисшісі атанды.

Әйелдер арасында Қазақстан атынан екі мықты теннисші бақ сынайды. Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина биылғы турнирде 11-нөмірмен тіркелді. Сонымен қатар, тәжірибелі Юлия Путинцева да алаңға шығып, бұған дейінгі үздік нәтижелерін қайталауға тырысады.

Жұптық сайыста Қазақстанның тағы бір үкілі үміті – Анна Данилина сынға түседі. Ол әйелдер жұбында және мүмкін болса, аралас разрядта да өнер көрсетуі мүмкін.

2025 жылғы Уимблдон турнирінің жүлде қоры рекордтық 53,5 миллион фунт стерлингті құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 миллионға көп.

Турнир 30 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie