Бубликтің болаттай мінезі. Қазақстандық теннисші Рублевты ұтып, Мадридтегі «Мастерс» турнирінің 1/8 финалына шықты


Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы беделді турнирде кезекті сенсацияға қол жеткізді. Үшінші айналымда отандасымыз әлемнің сегізінші ракеткасы және өткен жылдың чемпионы Андрей Рублевті жеңді.
Қарсыластар арасындағы кездесу 1 сағат 22 минутқа созылып, Бубликтің пайдасына 6:4, 0:6, 6:4 есебімен аяқталды. Қазақстандық теннисші бұл ойында 10 эйс жасап, 6 қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды. Рублев 12 эйс авторы атанғанымен, шешуші сәттерде Бубликтің қысымына төтеп бере алмады. Екінші сетте «құрғақ» есеппен жеңілген Александр үшінші сетте қайтадан өз ойынын тауып, матчтың тағдырын өз пайдасына шешті.
ATP 1000. Мадрид. 1/16 финал
Александр Бублик (Қазақстан) - Андрей Рублев (Ресей) - 6:4, 0:6, 6:4
Бұл жеңіс Бубликтің Мадридтегі ең үздік нәтижесін қайталауға мүмкіндік берді. Өткен маусымда да ол 1/8 финалға дейін жеткен еді. Осы нәтижесінің арқасында Александр рейтингке 100 ұпай қосып, 90 445 еуро жүлде қорына ие болды.
Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы америкалық Бен Шелтон мен чехиялық Якуб Меншик арасындағы матч нәтижесінде анықталады.

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19

Теннис
Кеше 23:15