Бублик Галледегі турнирдің келесі кезеңіне өтті. Келесі қарсыласы – Синнер болуы мүмкін
Теннис
Дамир Кошечкин
Журналист
Бублик Галледегі турнирдің келесі кезеңіне өтті. Келесі қарсыласы – Синнер болуы мүмкін
Қазақстанның ерлер арасындағы үздік теннисшісі Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан шөп жамылғысы бар ATP 500 санатындағы турнирді жеңіспен бастады.
Әлемдік ATP рейтингінде 45-орында тұрған Бублик алғашқы айналымда француз Александр Мюллермен (әлемдік рейтингте 40-орын) кездесті.
Қазақстандық теннисші жеңіске жету үшін екі сет ойнап, екеуін де 6:4 есебімен жеңді.
ATP. Галле. 1/16 финал
Александр Мюллер (Франция) – Александр Бублик (Қазақстан) – 0:2 (4:6, 4:6)
Ойын барысында Бублик 12 эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың екеуін сәтті жүзеге асырды.
Келесі кезеңде қазақстандық теннисші Янник Ханфман мен Янник Синнер арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.