locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Бублик Галледегі турнирді француз Мюллерге қарсы матчпен бастайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы алғашқы айналымдағы қарсыласын білді
Теннис
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images

Әлемдік рейтингте 43-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтетін ATP 500 санатындағы турнирде өнер көрсетеді.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Бублик француз теннисшісі Александр Мюллермен (әлемнің 40-ракеткасы) кездеседі. Бұл ойын 16 маусымға жоспарланған. Спортшылар бұған дейін бірде-бір рет өзара кездесіп көрмеген.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры – 2,5 млн еуро. Қазіргі чемпион – әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер.

2023 жылы бұл турнирде жеңімпаз атанған Бублик финалда ресейлік Андрей Рублевті 6:3, 3:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді Чжэн Циньвэньге қарсы матчпен бастайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie