locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді Чжэн Циньвэньге қарсы матчпен бастайды

Теннис 14 мау 2025 12:09
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді Чжэн Циньвэньге қарсы матчпен бастайды
ФОТО: Getty images

Әлемдік рейтингте он бірінші орында тұрған Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Германия астанасында өтетін WTA 500 санатындағы беделді турнирдегі алғашқы қарсыласын анықтады. Алғашқы айналымда ол әлемнің бесінші ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кортқа шығады. Кездесу 16 маусым күні өтеді.

Екі теннисші бұған дейін кортта үш мәрте жолыққан. Қазіргі таңда жеке кездесулерде Елена 2:1 есебімен алда келеді. Соңғы рет олар өткен маусымда кездесіп, ол матчта жеңіс Рыбакинаға бұйырған еді.

Берлиндегі турнир дәстүрлі түрде шөп жабысындағы төсеніште өтеді және Уимблдонға дайындықтың маңызды бөлігі саналады. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры - 925 661 еуро. Турнир жеңімпазы 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Бұл - Елена үшін маусымдағы екінші шөп жабысындағы турнирі. Бұған дейін, рро Лондонда өткен Queen’s Club Championships жарысына қатысып, ширек финалға дейін жеткен. Алайда жартылай финалға жолдама берер ойында оны тәжірибелі германиялық спортшы Татьяна Мария тоқтатып, екі сетте жеңіске жетті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie