locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әжіқанов, Даренская және Берульцева Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Ташкентте өткен турнирде Қазақстан үш финалда жеңіске жетіп, жалпы төрт алтын медаль алды
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Әжіқанов, Даренская және Берульцева Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызмет

Қазақстандық спортшылар Нұрқанат Әжіқанов, Даяна Даренская және Софья Берульцева Ташкентте өткен каратэден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ересектер арасындағы құрлықтық жарысқа алғаш қатысып отырған Даяна Даренская 68 келіге дейінгі салмақта жапондық Кама Цубасуды финалда жеңді.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) ирандық Мортеза Нематиге еш мүмкіндік қалдырмады.

Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) жапониялық Сумире Сугитаны ұтып, Азия чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір төрт алтын медаль бар — бұған дейін Жоламан Бигабыл да кумитэ бағдарламасында чемпион атанған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie