locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жас қазақстандық Шамиль грек-рим күресінен әлем чемпионатында көзге түсті

Досбол Шамиль грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Қазақстанға медаль сыйлады
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Жас қазақстандық Шамиль грек-рим күресінен әлем чемпионатында көзге түсті
ФОТО: kazwresteling

Афинада (Грекия) өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық жас балуан Досбол Шамиль ел қоржынына қола медаль салды. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол жүлделі үшінші орын үшін күресте үндістандық Анужды 9:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Бұл медальге апарар жол оңай болмады. Жарыстың алғашқы кезеңінде Шамиль Грузия өкілі Эрекле Тавберидзеге есе жіберді, алайда қарсыласы финалға шыққан соң, Досбол жұбаныш белдесуіне жолдама алды.

Жас балуан бұл мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ: жұбаныш раундта қарсыластарын сенімді жеңіп, қола үшін өткен шешуші белдесуде өте сенімді күрес көрсетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie