Грек-рим күресі: жарақат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы белдесудің тағдырын шешті – Досбол Шамиль қола үшін күреседі
Грекия астанасы Афинада өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында Досбол Шамиль қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды.
65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шамиль жарыстың алғашқы айналымында грузиялық Эрекле Тавберидзеге есе жіберген. Алайда грузин финалға шыққандықтан, Досбол жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды.
Бірінші кезеңде ол молдавалық Максим Дамашинды 5:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңде тәжікстандық Шохиджахон Бобоевпен кездесуі керек еді. Бірақ қарсыласы жарақат алып, белдесу басталмай жатып Досбол Шамильдің пайдасына шешілді.
Осылайша, бүгін кешке қазақстандық балуан Ануж есімді үндістандық спортшымен қола медаль үшін бозкілемге шығады.
Семсерлесуден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Ресейді жеңіп, 1/8 финалға шықты.