«Жаратқанға алғыс». Сабина Алтынбекова туған күніне орай жазба жариялады
Қазақстандық волейболшы 29 жасқа толды
Басқа спорт түрлері
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Instagram altynbekova_20
Қазақстанның ең танымал волейболшысы Сабина Алтынбекова қарашаның бесінде 29 жасқа толды.
Осыған орай әйгілі спортшы өзінің инстаграм парақшасында арнайы жазба жариялады.
«Жаратқанға алғыс, жыл сайын өмірім жарқын әрі бақытты болып келеді. Қымбатты отбасым – ата-анама, жақындарыма әрдайым қолдау көрсетіп, маған сенгендеріңіз үшін рахмет», – деп жазды Сабина мерекелік суреттерін өз парақшасында.
Сондай-ақ, Алтынбекова мынадай сөздер айтты:
«Мен сені сүйемін, өмір! Бақытты әрі әлі де жігерлі мінезді қызбын. Қош келдің, сүйікті 29 жас! Алда бәрі жақсырақ, көбірек және бақыттырақ болады».
Сонымен қатар Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінде қарсыласы ауысты.