Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыласы ауысты. Елена кіммен ойнайды?
Қазақстан өкілі Екатерина Александровамен кездеседі
Теннис
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images
Америкалық Мэдисон Киз, топтан шығу мүмкіндігі қалмағандықтан, вирусқа байланысты Қазақстан өкілі Елена Рыбакинаға қарсы матчтан бас тартты.
Киздің орнына Рыбакинаға қарсы екінші қосалқы ойыншы Екатерина Александрова шығады.
Рыбакина мен Александрова арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Айта кетейік, Елена екі жеңістен кейін WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шығуын алдын ала қамтамасыз етті.
Серена Уильямс тобының тағы бір кездесуінде америкалық Аманда Анисимова мен польшалық Ига Швёнтек өзара сынға түседі.
Сондай-ақ, Новак Джокович Афинадағы турнирде жеңіспен бастады.