locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жай ғана алтын емес. Қазақстандық зілтемірші Азия рекордын туған ел алдында жаңартты

Денис Полубояринов - Азия чемпионы: қазақстандық зілтемірші құрлықтық рекорд орнатып, алтын жүлдені иеленді
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Жай ғана алтын емес. Қазақстандық зілтемірші Азия рекордын туған ел алдында жаңартты
ФОТО: olympic.kz

Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетпей жатып-ақ жарқын нәтижелерімен есте қалуда. Соның бірі - Қазақстан намысын қорғаған Денис Полубояриновтың жарқырай жеңіске жетуі. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы тек алтын медальмен ғана шектелмей, «серпе» жаттығуы бойынша Азия рекордын да жаңартты.

Қоссайыс қорытындысы бойынша Полубояринов 376 келіні еңсерді: 163 келі - жұлқа көтеруде, 213 келі - серпе көтеруде. Әсіресе серпе жаттығуындағы нәтижесі құрлықтық деңгейде бұрын-соңды болмаған жетістік ретінде тіркелді. Жас зілтемірші ешкімге мүмкіндік бермей, қарсыластарын айқын басымдықпен артта қалдырды.

Күміс жүлде өзбекстандық Руслан Рахматжоновқа бұйырды - оның нәтижесі 345 келі (155 + 190). Үздік үштікті 334 келімен бахрейндік Джон Мурилло (154 + 180) түйіндеді.

Осыған дейін бұл чемпионатта Ерасыл Саулебеков те топ жарып, өз салмақ дәрежесінде алтын медаль еншілеген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie