Ерасыл Саулебеков ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
88 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық зілтемірші қарсыластарынан озып шықты
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Olympic.kz
Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Ерасыл Саулебеков алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы olympic.kz хабарлайды.
88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы қос сайыс нәтижесінде 344 келі (153 + 191) көтеріп, қарсыластарынан басым түсті.
Күміс жүлдені 341 келі (151 + 190) көтерген өзбекстандық Бекзод Ғофиржонов иеленсе, қола медаль 338 келі (152 + 186) көрсеткішпен үндістандық Сайраж Пардещиға бұйырды.
Oсыған дейін Қазақстан жастар құрамасының қоржынына Кира Данилова да алтын медаль салған болатын. Осылайша, 8 шілде күні ел қоржынына екі бірдей алтын түсті.