locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жағажай волейболынан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
ФОТО: Оlympic.kz

18 маусымда Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады.

Құрлықтық додада ел намысын төрт жұп қорғайды.

Жүлделі орындар үшін Клим Рюхов / Владислав Мастихин, Даниил Сороковский / Әлихан Ағабек, Надежда Иванченко / Гаянэ Галаш, Екатерина Рюхова / Кристина Каримова жұптары сынға түседі.

Жалпы жарысқа 16 елдің командалары қатысады.

Азия чемпионаты 22 маусымда аяқталады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы отырып волейболдан Азия чемпионы атанған болатын. Өз кезегінде волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогында жеңіс тұғырына бір қадам қалғанда тоқтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie