locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қола жүлдеден қағылды: Қазақстан волейболшылары AVC Ұлттар кубогының қола матчында Қытай Тайбэйінен ұтылды

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қола жүлдеден қағылды: Қазақстан волейболшылары AVC Ұлттар кубогының қола матчында Қытай Тайбэйінен ұтылды
ФОТО: KVF

Қазақстан әйелдер құрамасы AVC Ұлттар кубогындағы жарысын аяқтады. 14 маусым күні Ханойда өткен үшінші орын үшін матчта отандастарымыз Қытай Тайбэйінен 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

AVC Ұлттар кубогы. Қола жүлде үшін матч

Қазақстан – Қытай Тайбэйі – 1:3 (25:17, 13:25, 16:25, 13:25)

Кездесудің алғашқы партиясында қазақстандықтар сенімді ойын көрсетіп, сегіз ұпай айырмасымен жеңіске жетті. Алайда кейінгі сеттерде қарсыластар бастаманы өз қолына алды. Біздің волейболшылар шабуыл мен қабылдауда жиі қателесіп, ойын қарқынын сақтап қала алмады.

Бұған дейін жартылай финалда Қазақстан құрамасы Вьетнаммен кездесіп, дәл осындай есеппен жеңілген болатын – 1:3.. Осылайша, ұлттық құрама AVC кубогын төртінші орынмен аяқтады. Қола медаль Қытай Тайбэйіне бұйырды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie