ВИДЕО. Софья Самоделкина әлем чемпионатындағы жетістігінен кейін елге оралды
Софья Самоделкина, 25-30 наурыз аралығында Бостонда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, Милан-2026 Олимпиадасына қатысуға үміткер атанған соң, Қазақстанға оралды.
Астана әуежайында оны туыстары, жақындары және жанкүйерлері жылы қарсы алды. Түннің бір уағында келгеніне қарамастан, көптеген адамдар Софьяны құттықтап, қолдау көрсеткендеріне ризашылық білдірді.
«Әлем чемпионаты керемет өтті. Көптеген жағымды эмоциялар қалды, бұл сәттерді ешқашан ұмытпайтыныма сенімдімін. Біз қай бағытта жұмыс істеу керектігін және қандай мақсаттар қойып, соларға жету қажеттігін нақты түсіндік.
Ұшақтан түскенде осындай жылы қарсы алу мен үшін күтпеген жағдай болды. Менің күтіп алатындарын ешқашан ойламадым. Жаттықтырушым мені қарсы алатындарын айтқанда, мен сенбедім. Бірақ осындай кешкі уақытта, түнгі екіде келген жанкүйерлерге шексіз алғысым бар», – деді Софья.
Софья әлем чемпионатында үздік 15 спортшының қатарына кіріп, Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.