locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Олимпиада жолдамасы: Софья Самоделкина әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Олимпиада жолдамасы: Софья Самоделкина әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті
ФОТО: gettyimages.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Бостон қаласында өткен әлем чемпионатын сәтті аяқтады.

Ол еркін бағдарламада 181.36 ұпай жинап, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады. Бұл нәтижесі оған 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға жолдама алу мүмкіндігін берді. Бұған дейін 2018 жылы Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова Олимпиадада бақ сынаған, алайда 2022 жылы Бейжіңде Қазақстан атынан ешкім өнер көрсеткен жоқ.

Әлем чемпионы атағын 222.97 ұпай жинаған америкалық Алиса Лю иеленді. Жапониялық Каори Сакамото (217.98) күміс жүлдеге, ал Монэ Тиба (215.24) қола жүлдеге қол жеткізді.

29 наурыз жарыс күнінде Михаил Шайдоров еркін бағдарламасын орындайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie