Соңғы секундта шешілген финал: Қазақстандық жас талант әлем чемпионы атанды
Жанажол Қуанышбек грек-рим күресінен U17 әлем чемпионы атанды
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: kazwresteling
Афинада өтіп жатқан грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Бұл тарихи жетістіктің иесі - небәрі 16 жастағы Жанажол Қуанышбек, ел үмітін ақтаған ең жас әрі талантты балуандардың бірі.
45 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан Жанажол шын мәнінде қайсарлық пен мінез көрсетті. Қырғызстандық Нуркерим Кумарбековпен болған шешуші белдесуде тартыс соңғы секундтарға дейін жалғасып, Қуанышбек 8:7 есебімен жеңіске жетіп, қазақстандық көк туын әлемдік аренада биікке көтерді.
Айта кетейік, бір күн бұрын дәл осы чемпионатта 65 келіге дейінгі салмақта Досбол Шамиль де қола жүлдегер атанған еді. Ол үндістандық қарсыласын 9:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.