Софья Самоделкина қысқа бағдарламадан кейін төртінші орынға жайғасты
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қысқы Азия ойындарындағы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша төртінші орынға жайғасты. 17 жастағы спортшы өз өнері үшін 63,31 ұпай жинады.
Тағы бір қазақстандық спортшы София Фарафонова 45,63 ұпаймен тоғызыншы нәтиже көрсетті.
Жарыстың алғашқы күнінде көш бастап тұрған спортшылар қатарында жапондық Каори Сакамото (75,03), оңтүстіккореялық Ким Чхэён (71,88) және Жапония өкілі Хана Ёсида (68,76) бар.
Спортшылардың шешуші еркін бағдарламадағы жарыстары 13 ақпан, бейсенбі күні өтеді. Басталуы – Қазақстан уақытымен 10:00-де.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Азия ойындарында қысқа бағдарламада жақсы нәтиже көрсетті