locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға бара ма — спортшының жауабы

Қазақстандық дзюдо аңызы Лос-Анджелесте өнер көрсетуге дайындалуда
Басқа спорт түрлері
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға бара ма — спортшының жауабы
ФОТО: olympic.kz

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Лос-Анджелестегі 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысты жоспарларымен бөлісті.

«Жоспар — төртінші Олимпиада ойындары. Біздің мақсатымыз, жоспарымыз — төртінші Олимпиадаға қатысу. Мен осыған дайындалып, мақсат қойып отырмын. Дегенмен, 100%-ға баратыныма және күресетініме кепілдік жоқ.

Себебі біздің ізімізден жаңа есімдер шығып жатыр. Кім біледі, бәлкім, жастардың, інілердің немесе жаңадан келгендердің бірі өз қабілетін көрсетіп, жарқырап шығар...

Біз оларға кедергі болмаймыз. Егер адам мықты болса, кез келгені өзінің шеберлігімен бара алады. Мұнда ешкім тек атағы немесе абыройы үшін ғана бара алмайды.

Сондықтан дұрыс түсіну керек: бұл — спорт. Спортта ең мықтылар ғана сыналады. Кім күшті, кім өзін дәлелдей алды — тек сол адам барады», — деп келтіреді Сметовтың сөзін Sports.kz.

Елдос үшін соңғы ресми турнир — Париж-2024 Олимпиадасы болды. Онда ол 60 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Сметов — қазақстандық дзюдоның аңызы. Оның қоржынында үш Олимпиада медалі бар: Рио-2016-да күміс, Токио-2021-де қола және Париж-2024-те алтын. Сондай-ақ, ол әлем, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы.

Олимпиададан кейін спортшы үзіліс алып, Лондонға барып, ағылшын тілі курстарынан өтті, кейін иығына ота жасатты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie