locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Елдос Сметов иығына ота жасатты – татамиге оралатын уақытын айтты

Әйгілі дзюдошы жарақатынан кейін жарысқа қайта оралуға ниетті екенін мәлімдеді
Басқа спорт түрлері 23 мау 2025 09:05
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Социальные сети Е. Сметов

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасап, денсаулығына байланысты мәлімет берді.

Елдос Сметов Италия астанасы Рим қаласында иығына ота жасатқаны туралы мәлімдеді. Дзюдошы бұл шешімге Олимпиада алдындағы жарақаттар мен жиі мазалайтын мәселелер себеп болғанын айтып отыр.

«Құрметті Қазақ елі!
Мені уайымдам, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет!

Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім.

Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға — келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін.

Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын», – деп жазды Сметов.

Елдос Сметов – дзюдо әлемінде танымал есім, жанкүйерлер оны татамиде қайта көруге үмітті.

Ақтөбеде супергроссмейстерлердің қатысуымен халықаралық шахмат фестивалі басталды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie