Өскеменде велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды


23 маусым күні Өскеменде тас жолдағы велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасында топтық және жұптық жарыстардың жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасында 50 шақырымдық топтық жарыста Жетісу облысының өкілдері — Оркен Сламжанов, Антон Кузьмин, Евгений Федоров және Игорь Чжан — жеңіске жетті. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары иеленсе, үшінші орын Қарағанды облысының командасына бұйырды.
Әйелдер арасында 30 шақырымдық жұптық жарыста Жетісу облысының қос дуэті жеңіс тұғырынан көрінді. Бірінші орынды Акпейил Осим мен Фаина Потапова, екінші орынды Евгения Заам мен Светлана Пащенко жеңіп алды. Үшінші орынды Астана қаласының спортшылары Елена Мандракова мен Милана Котельникова еншіледі.
Чемпионат алдағы күндері жалғасады. Жекелей сындардағы жеңімпаздар кейінірек белгілі болады.
Елдос Сметов иығына ота жасатты – татамиге оралатын уақытын айтты.