Шымкентте Азия чемпионаты өтеді: 40 елден 1500-ден астам мерген жиналады
16-30 тамыз аралығында стенд және мылтық ату бағдарламалары бойынша медальдар сарапқа салынады
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Olympic.kz
2025 жылдың 16-30 тамызы аралығында Шымкент қаласында спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді.
40 елдің 1500-ден астам спортшысы қатысатын бұл жарыс Shymkent Shooting Plaza кешенінде өтеді.
Стенд және мылтық ату бойынша медальдар сарапқа салынады.
Париж Олимпиадасында Қазақстанға алғашқы медальдарды Александра Ле мен Ислам Сатпаев әкелді. Олар пневматикалық винтовкадан (10 метр) аралас жұптар сайысында қола жүлде жеңіп алды.