«Барыс» жеті хоккейшімен келісімшартты ұзартпады
Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы бірден жеті ойыншымен қош айтысқанын хабарлады. Клуб сапынан кеткендер: қақпашы Юхан Маттссон, қорғаушылар Виктор Антипин мен Илья Хохлов, шабуылшылар Антон Бурдасов, Станислав Бочаров, Никита Сетдиков және Дамир Жафяров. Ойыншылармен жасалған келісімшарттардың жалпы құны 216 миллион рубльді (2 маусым 2025 жылғы бағам бойынша 1,4 млрд теңге) құрайды, деп хабарлайды Shaiba.kz.
Өткен маусымда 33 жастағы Маттссон КХЛ-да тоғыз матч өткізіп, 4.12 коэффициентімен ойнады. 32 жастағы Антипин 24 матчта 6 (1+5) ұпай жинаса, 30 жастағы Хохлов 55 кездесуде жеті нәтижелі пас берді.
34 жастағы Бурдасов 53 матчта 17 (12+5) ұпаймен көзге түсті. 33 жастағы Бочаров 32 ойында бес ұпай жинаса, 30 жастағы Сетдиков 51 кездесуде 18 (9+9) ұпай иеленді. 31 жастағы Жафяров 27 ойында бес нәтижелі пасты еншіледі.
Леонид Метальников төрт маусымнан кейін «Адмиралдан» кетті.