locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әсел Қанай Каратэ Премьер-Лига турнирінің қола жүлдегері

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Әсел Қанай Каратэ Премьер-Лига турнирінің қола жүлдегері
Фото: olimpic.kz

Қазақстандық Әсел Қанай Ханчжоуда (Қытай) Karate Premier League кезеңінде 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы Латвия өкілі Гирвица Битті жеңді.

Париждегі Премьер-Лиганың бірінші кезеңінде Әсел күміс медаль жеңіп алған еді.

23 жастағы Қанай — жеке және командалық жарыстарда Азия чемпионы, сондай-ақ Азия ойындарының қола жүлдегері.

Айта кетейік, аталған турнирде тағы бір қазақстандық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді. Мөлдір Жаңбырбай финалда жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie