Мөлдір Жаңбырбай Премьер-Лига турнирінде күміс медаль еншіледі
Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Фото: olimpic.kz
Каратэден қазақтан шыққан алғашқы әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан “Каратэ Премьер лигасында” финалда жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Жерлесіміз финалда алжирлік спортшы Силия Уикенмен кездескен. Жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Алайда, аталған спорт ережесіне сәйкес, мұндай жағдайда жеңіс алғашқы ұпайды алған каратэшіге беріледі.
“Финалдық бәсеке өте жоғары деңгейде өтті. Екеуіміз де тең ұпай алдық. Дегенмен, каратэнің ережесіне сәйкес алғашқы ұпай алған спортшы жеңіске жетеді. Демек алтын медаль маған бұйырмай тұр”, - деді Мөлдір Жаңбырбай.
Айта кетейік, бүгін тағы екі қазақстандық өз санаттарында үшінші орын алуға тырысады.