Самоделкина жаңа маусымды Қазақстан атынан бастады. Экс-ресейлік несімен таңғалдырды?
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Олимпиада маусымын халықаралық аренада жүлдемен бастады. АҚШ-тың Норвуд қаласында өтіп жатқан Cranberry Cup турнирінде 18 жастағы спортшы жаңа қысқа бағдарламасын ұсынды. Ол мажардың чардаш әуеніне орындалған әсерлі қойылым үшін қазылардан 65,80 ұпай жинап, жарыстың алғашқы күнін екінші орында аяқтады. Одан жоғары тек жергілікті фаворит Изабель Левито (70,69) орналасты.
Чемпиондық атақ үшін шешуші бәсеке 10 тамызда өтеді. Сол күні қатысушылар еркін бағдарламада өнер көрсетеді.
Бұл жарыс Самоделкина үшін 2025/26 маусымындағы Қазақстан атынан алғашқы ресми бастама болды. Өткен жылы бұрынғы ресейлік спортшы төрт құрлық чемпионатында жетінші орын алып, Бостонда өткен әлем біріншілігінде 14-орынға табан тіреді. Бұл нәтижелер оған 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама сыйлады. Сондай-ақ ол ҚР Спартакиадасының жеңімпазы атанып, ISU әлемдік рейтингінің топ-20 қатарына енді.