locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ризабек Айтмұхан PWL 8 турнирінің басты белдесуінде Кайл Снайдерге жол берді

Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Ризабек Айтмұхан PWL 8 турнирінің басты белдесуінде Кайл Снайдерге жол берді
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық еркін күрес шебері, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Алматыда өткен PWL 8 турнирінде атақты америкалық балуан Кайл Снайдермен күресті.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі бұл жекпе-жек кештің басты оқиғасы болды. Снайдер айқын басымдық танытып, белдесуді 8:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Айта кетейік, 20 жастағы Ризабек Айтмұхан өткен жылы 97 келіге дейінгі олимпиадалық салмаққа ауысып, жастар арасындағы әлем чемпионаттарында (U20 және U23) екі алтын жеңіп алды. Сондай-ақ, 2023 жылы ересектер арасында 92 келіде әлем чемпионы атанған еді.

Кайл Снайдер – әлемдегі ең атақты балуандардың бірі. Ол 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы, екі рет командалық әлем кубогын жеңіп алған және Панамерика ойындарында жеті рет топ жарған.

Сондай-ақ оқыңыз: Дәулетбеков Алматыдағы PWL 8 турнирінде сенімді жеңіске жетті

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie