Дәулетбеков Алматыдағы PWL 8 турнирінде сенімді жеңіске жетті
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Алматыда өткен PWL 8 турнирінде сәтті өнер көрсетті. 86 кг дейінгі салмақта өткен белдесуде ол Беларусь спортшысы Магомедхабиб Кадимагомедовты айқын басымдықпен жеңіп, кездесуді 4:0 есебімен аяқтады.
Бұл Дәулетбеков үшін PWL кәсіби күрес лигасындағы үшінші белдесу болды. Қазіргі таңда оның еншісінде екі жеңіс және бір жеңіліс бар.
Ал Кадимагомедов үшін бұл алғашқы жеңіліс болды. Бұған дейін белорусьтік спортшы бір мәрте жеңіске жеткен.
Қазақстандық балуандар халықаралық ареналарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өз шеберліктерін тағы да дәлелдеп келеді.
Cондай-ақ оқыңыз: Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Странджа кубогында айқын жеңіске жетті