Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025: Ерасыл Қажыбаев Астанадағы супертурнирдің ширек финалына шықты
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Tengri Sport
Қазақстан құрамасының көшбасшы дзюдошыларының бірі Ерасыл Қажыбаев Астанада өтіп жатқан Grand Slam кезеңінде алғашқы жекпе-жегін сенімді түрде жеңіспен бастады.
+100 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қажыбаев бірінші айналымда Бельгия өкілі Ив Даомен кездесті. Айта кетейік, Ив Дао бұған дейін өзбек дзюдошысы Жавохир Муродуллаевты жеңген болатын. Алайда қазақстандық балуан қарсыласын «иппон» әдісімен таза жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Енді Ерасыл Қажыбаев жартылай финалға жолдама үшін күреседі.
Айтулы турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.
Ғұсман Қырғызбаев — Астанадағы «Үлкен дулыға» турнирінің күміс жүлдегері.