locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Париждегі сенсация Дортмундте сыналады: Жадыраевқа әлем чемпионатына жол ашатын соңғы мүмкіндік берілді

35 жастағы балуан Германиядағы жарыс арқылы ұлттық құрамадан орын алмақ
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Париждегі сенсация Дортмундте сыналады: Жадыраевқа әлем чемпионатына жол ашатын соңғы мүмкіндік берілді
ФОТО: olympic.kz

Париж Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алып, елді таңғалдырған грек-рим күресінен қазақстандық балуан Демеу Жадыраев кілемге қайта оралады. Бұл туралы sportbugin хабарлайды.

Төкеновтің айтуынша, 35 жастағы спортшы тамыз айында Германияның Дортмунд қаласында өтетін Гран-при турнирінде бақ сынайды. Дәл осы жарыстағы нәтижесіне қарай оның әлем чемпионатына қатысу-қатыспауы шешілмек.

«Спортшы қазіргі уақытта тығыз дайындық үстінде. Тамызда Дортмундтегі Гран-приге қатысады. Біз оның қазіргі деңгейін сол жерде бағалаймыз. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, әлем чемпионатына қатысатын кандидаттар қатарына енеді. Ал нәтиже болмаса – құрамадан тыс қалады», – деді Төкенов.

OCTAGON президенті діннің спорттағы рөліне қатысты пікір білдірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie