locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Париж - межелі белес емес: Сметов Лос-Анджелеске дайындалып, орнын жастарға беруге асығар емес

Елдос Сметов Олимпиада жеңісінің бір жылдығын атап
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Париж - межелі белес емес: Сметов Лос-Анджелеске дайындалып, орнын жастарға беруге асығар емес
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов өз инстаграм парақшасында тарихи жеңісіне - Париж Олимпиадасындағы алтын медальге тура бір жыл толғанын еске салды. Бұл медаль 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының жалғыз алтыны болған еді.

«Бүгін мен үшін тарихи күн. Дәл осы күні бір жыл бұрын арманым орындалып, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париждің алтыны әрдайым биік болып қала береді», - деп жазды Сметов.

Париж Олимпиадасының алтынына оралған Сметов болашаққа да сеніммен қарайтынын жасырмады:

«Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Осы эмоцияны 2028 жылы Лос-Анджелесте қайта сезінуге бар күшімді саламын», - деп жазды ол.

Елдос Сметов - Қазақстанның ең атақты дзюдошы. Оның қоржынында үш Олимпиада медалі бар: 2016 жылы Риодағы күміс, 2021 жылы Токиодағы қола және 2024 жылы Парижде алынған алтын. Сондай-ақ ол әлем және Азия чемпионы, Азиада жеңімпазы.

2025 жылдың басында Сметов жарыстардан үзіліс алып, Лондонда ағылшын тілін оқуға аттанған болатын. Маусым айында ол иығына ота жасатқанын хабарлап, татамиге 2026 жылы оралуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie