locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Оралда Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған халықаралық каратэ турнирі өтті

Басқа спорт түрлері 19 мам 2025 06:18
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Оралда Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған халықаралық каратэ турнирі өтті
ФОТО: БҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасы

2025 жылдың 15-18 мамыр күндері Орал қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған халықаралық каратэ (WKF) турнирі өтті.

Биылғы жарысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Грузия және Ресей елдерінен шамамен 1000 спортшы қатысты.

Турнирде әртүрлі жас және салмақ дәрежесіндегі ең мықты каратэ шеберлері бақ сынасып, үздік атағы мен ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігін жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды Шымкент командасы иеленіп, 10 алтын, 10 күміс және 16 қола медальға қол жеткізді. Екінші орында Жамбыл облысы командасы – сегіз алтын, 11 күміс және алты қола медаль.

Үштікті Астана командасы сегіз алтын, екі күміс және алты қола медальмен толықтырды. Сонымен қатар, үздік бестікке Башқұртстан (Ресей) және Батыс Қазақстан облысының командалары енді.

18 мамырда Елордада «Жаттығу» жобасы қайта жанданды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie