locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров ел рекордын жаңартып, Әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында үздік үштікке енді

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Olympic.kz

Бостон қаласында (АҚШ) ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының қысқа бағдарламасы аяқталды.

Жарысқа 39 спортшы қатысты. Америкалық Илья Малинин 110.41 ұпай жинап, бірінші орын алды. Жапониялық Юма Кагияма 107.09 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық Михаил Шайдоров 94.77 ұпай жинап, үздік үштікке кірді.

Бұл нәтиже қысқа бағдарлама бойынша Қазақстанның жаңа рекорды болды. Бұған дейін рекорд 2013 жылы Денис Тенге тиесілі еді – ол 91.56 ұпай жинаған.

Шайдоров үшін бұл әлем чемпионаттарындағы төртінші өнер көрсетуі (2021, 2023, 2024). 2025 жыл ол үшін табысты өтіп жатыр, ал бұл нәтижесі оның мансабындағы үздіктердің бірі.

Еркін бағдарлама 30 наурыз күні Астана уақытымен таңғы 04:00-де өтеді.

27 наурызда 18 жастағы Софья Самоделкина әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетіп, өз бағдарламасын қателіксіз орындады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie