locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нұрқожа Қайпанов Түркияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Әлем чемпионы тағы бір мәрте өз шеберлігін дәлелдеді
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Нұрқожа Қайпанов Түркияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
ФОТО: United World Wrestling

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль иеленді. Яшар Доғу, Вехби Емре және Хамит Капланды еске алуға арналған жарысқа әлемнің бірнеше елінен мықты балуандар қатысты.

74 келі салмақта белдескен Қайпанов жарыс жолын сенімді түрде еңсеріп, финалға дейінгі барлық қарсыласын жеңді. Шешуші белдесуде ол Болгария туы астында сынға түскен дағыстандық Рамазан Рамазановты 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Айта кету керек, 24–30 мамыр аралығында Астанада өткен Қазақстан кубогына Нұрқожа қатыспады. Бұл шешім ұлттық құраманың бапкерлер кеңесі тарапынан қабылданған болатын.

Қазіргі таңда 27 жастағы балуанның жетістіктері аз емес: 2024 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы атағын үш рет (2019, 2021, 2025) иеленген, сондай-ақ 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2022 жылғы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie