locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Мәнерлеп сырғанау: 18 жастағы Самоделкина Әлем чемпионатында сәтті дебют жасады

Басқа спорт түрлері 26 нау 2025 23:31
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Сали Сабиров

Бостон қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты әйелдер арасындағы қысқа бағдарламамен басталды.

Қазақстан алты жылдан кейін бұл сайыста жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды. 18 жастағы Софья Самоделкина әлемдік деңгейдегі алғашқы жарысына қатысып, бағдарламасын қателіксіз орындады.

33 спортшының ішінде Самоделкина 63.58 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады. Бірінші орынды америкалық Алиса Лью (74.58) иеленсе, жапондық Монэ Тиба (73.44) мен АҚШ спортшысы Изабо Левито (73.33) үздік үштікті толықтырды.

Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Анастасия Губанова (Грузия) күтпеген жерден қателік жіберіп, жарыстан шет қалды. Еркін бағдарламаға 24 спортшы өтті, олар Олимпиада жолдамалары үшін де таласады.

Қазақстан әйелдер арасындағы жеке сырғанауда соңғы рет 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева арқылы өкілдік еткен еді. Ол сол жылы Жапонияның Сайтама қаласында күміс медаль жеңіп алған. Еркін бағдарлама 29 наурыз күні Астана уақытымен таңғы 4-те өтеді.

Грекияда өткен «Aphrodite Cup» турнирінде Қазақстанның көркем гимнастика құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie