locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
ФОТО: Getty Images

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды.

Финалдық бәсекелердің алғашқы күнінде ерлер арасындағы еркін жаттығуларда жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық гимнасшы Милад Карими тамаша бағдарлама орындап, қазылар алқасынан 14.400 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған екінші орынды алып, күміс медаль иеленуге мүмкіндік берді.

Алтын медальді 14.600 ұпаймен Филиппин елінің өкілі Карлос Юло жеңіп алды. Үшінші орын - 14.033 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Мун Гын Ёнға бұйырды.

Аталған финалда тағы бір қазақстандық гимнасшы Дмитрий Патанин де өнер көрсетті. Ол 13.833 ұпай жинап, төртінші орын алды - жүлделі үштікке сәл ғана жетпей қалды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie