locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Азия чемпионаты – 2025: Қазақстандық жас гимнасттар командалық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Азия чемпионаты – 2025: Қазақстандық жас гимнасттар командалық көпсайыста қола жүлдеге ие болды
ФОТО: Getty Images

2025 жылы Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан жүлдегер атанды.

Командалық көпсайыс бойынша қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болып, ел қоржынына қола медаль салды.

Жасөспірімдер құрамасының сапында келесі гимнасттар өнер көрсетті: Нұртан Идрисов, Роман Хегай, Артем Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан.

Аталған жарыстың жеңімпазы Жапония құрамасы атанса, күміс жүлде Оңтүстік Корея құрамасына бұйырды.

Айта кетейік, 5 маусым күні Қазақстанның ересектер арасындағы ерлер құрамасы да дәл осы бағдарламада қола медаль жеңіп алып, жастар құрамасының жетістігін қайталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie