locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Михаил Шайдоров Гран-приде бұрын-соңды болмаған нәтиже көрсетті. Бұл жолы қазақстандық қандай межені бағындырды?

Михаил Шайдоров тағы да Гран-приді дүр сілкіндірді
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Михаил Шайдоров Гран-приде бұрын-соңды болмаған нәтиже көрсетті. Бұл жолы қазақстандық қандай межені бағындырды?
ФОТО: Jamie Squire

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Лейк-Плэсидте өткен Гран-при кезеңінде кезекті сенсация жасады. Отандасымыз тарихи жетістікке қол жеткізіп, елімізде бұрын-соңды болмаған нәтижемен жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қысқа бағдарламада үшінші орында тұрған Шайдоров еркін бағдарламада мінсізге жақын өнер көрсетіп, екінші орынға көтерілді. Қос бағдарлама нәтижесінде жинаған 251,09 ұпайы оған жалпы есепте жүлдегерлер қатарынан табылуға мүмкіндік берді.

Бұл кезеңнің чемпионы атанған француз Кевин Эймоз 253,53, ал үшінші орын иеленген жапон спортшысы Казуки Томоно 245,57 ұпай жинады. Дегенмен, жарыстың басты сенсациясы дәл біздің спортшы болды.

21 жастағы Алексей Урмановтың шәкірті Шайдоров бұрын мүмкін емес саналған межені бағындырды: ол Қазақстан тарихында бір маусымда Гран-при кезеңдерінде екі рет подиумға көтерілген алғашқы спортшы атанды. Қазан айында ол қытайлық Чунциньде қола медальға қол жеткізген еді.

Бұл нәтижелер Михаилға Гран-при финалы жолындағы күреске өте мықты мүмкіндік берді. Қазіргі таңда оның еншісінде 24 ұпай бар, ол жалпы рейтингте үшінші орында келеді. Егер маусым соңына дейін үздік алтылықта қалса, Қазақстан тарихында алғаш рет Гран-при финалында өнер көрсететін спортшы атанады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie