Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы үшінші нәтиже көрсетті
Басқа спорт түрлері
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: olympic.kz
Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан намысын ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров қорғады.
Қысқа бағдарламадан кейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері үшінші орында тұрды. Еркін бағдарламада да қазақстандық спортшы үшінші нәтижеге қол жеткізді.
Нәтижесінде, Шайдоров Қытайда 262.67 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
Бірінші орынды Шун Сато (Жапония) — 278.12 ұпаймен жеңіп алды. Күміс жүлде Даниэль Грасльге (Италия) бұйырды — 269.43 ұпай.