locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жекелей сын қорытындысы бойынша бір ғана күміс медальмен шектелді

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жекелей сын қорытындысы бойынша бір ғана күміс медальмен шектелді
ФОТО: olympic.kz

Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жекелей жарыстарды бір күміс медальмен аяқтады. Ел намысын қорғаған спортшылардың ішінде жалғыз жүлде - 48 келі салмақтағы Әбиба Әбужақыноваға тиесілі. Бұл нәтиже - қазақ әйелдер дзюдосы тарихындағы алғашқы әлем чемпионаты финалы болып отыр.

Жекелей сынның соңғы күнінде татамиге ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев шықты. Өкінішке қарай, ол алғашқы белдесуінде-ақ әлем чемпионы, Оңтүстік Корея өкілі Ким Минджонханға есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады. Осылайша, Қазақстан құрамасының жеке бағдарламадағы үміті толық үзілді.

Осыған орай, Қазақстан құрамасының жекелей есептегі қорытындысы: 1 күміс медаль. Бұл көрсеткіш команда үшін аса үлкен табыс болмаса да, Әбужақынованың финалға дейін жетуі - болашақ үшін үлкен серпін.

Айта кетейік, 20 маусым күні Қазақстан құрамасы аралас командалық жарысқа қатысады. Алғашқы қарсылас — Бразилия құрамасы болмақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie