locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Күтпеген жеңіліс: Әбиба Абужақынова Душанбе өткен Grand Slam кезеңінде алтыннан қағылды

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Күтпеген жеңіліс: Әбиба Абужақынова Душанбе өткен Grand Slam кезеңінде алтыннан қағылды
ФОТО: olympic.kz

Қазақстан дзюдосының басты үміті саналатын Әбиба Абужақынова Душанбе қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі торынан шығып қалды. Жартылай финалдық белдесуде ол күтпеген жерден Қытай елінің 24 жастағы өкілі Вене Жуангқа жол берді.

Бұл жеңіліс, әсіресе, ширек финалдағы әсерлі жеңістен кейін тосын жағдай болды: Әбиба сол белдесуде турнир фавориттерінің бірі жапониялық Вакана Инагакиді соңғы секундтарда ұтып, жанкүйерлерді қуантып еді.

Енді ұлттық құраманың көшбасшысы жұбаныш белдесуінде қола медаль үшін күресті жалғастырады. Ал Душанбе татамисіндегі алтын жүлде үмітін басқа кезеңдерге шегеруге тура келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie